Система Orphus

Павлодар облысында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді

14.04.2020, 17:42 4267

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 2020 жылғы 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді.

Ағымдағы жылдың 23 наурызында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирустық инфекция және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 сәуірден бастап және республика бойынша төтенше жағдай кезеңінде тарифтерді төмендетті, атап айтқанда (ҚҚС-сыз):

1. "Павлодарэнергосбыт" ЖШС (Екібастұз қаласын қоспағанда Павлодар облысы) электрмен жабдықтау қызметіне халық үшін 9,46 теңге/квтсағаттан 8,99 теңге/квтсағатқа дейін немесе 5%;

2. "Аксу су арнасы" МКК (Ақсу қаласы мен кенті) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін орташа есеппен 52,29 теңге/м3-ден 50,52 теңге/м3-ге дейін немесе 3,4% - ға, оның ішінде:

- есепке алу аспаптары бар халық үшін 51,58 теңге/м3-ден 45,94 теңге/м3-ге дейін немесе 10,3%-ға;

- есепке алу аспаптары жоқ халық үшін 60,1 теңге/м3-ден 53,94 теңге/м3-ге дейін немесе 10,25%.

3. "Аксу су арнасы" МКК (Ақсу қаласы мен кенті) суды бұру қызметіне халық үшін 25,36 тенге/м3-ден 23,49 тенге/м3-ге дейін немесе 7,37%-ға;

4. "Успен Ауыз-су" МКК (Успен ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін орташа есеппен 5%-ға:

- Успенка а. халқы үшін 61,2 теңге/м3-ден 58,14 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- Константиновка а. халқы үшін 212,95 теңге/м3-ден 202,3 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- Новопокровка а. халқы үшін 254,19 теңге/м3-ден 241,48 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- Равнополь а. халқы үшін 250,58 теңге/м3-ден 238,05 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға.

5. "Қайнар" МКК (Шарбақты ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін орташа есеппен 5%-ға:

- халық үшін 107,04 теңге/м3-ден 101,69 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- бюджеттік ұйымдар үшін 199,9 теңге/м3-ден 189,96 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- өзге тұтынушылар үшін 199,9 теңге/м3-ден 189,96 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға.

6. "Қайнар" МКК (Шарбақты ауданы) суды бұру қызметіне халық үшін орташа есеппен 174,18 тенге/м3-ден 165,5 теңге/м3-ге дейін немесе 5%;

7. "Көмек" МКК (Железин ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін орташа есеппен 5%-ға:

- есепке алу аспаптары бар халық үшін 59,73 теңге/м3-ден 56,74 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- есепке алу аспаптары жоқ халық үшін 73,64 теңге/м3-ден 69,96 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға.

8. "Ертіс Ауыз су" МКК (Ертіс ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін 123,98 теңге/м3-ден 111,58 теңге/м3-ге дейін немесе 10%-ға;

9. "Горводоканал" МКК (Екібастұз қаласы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін орташа есеппен 5%-ға:

- есепке алу аспаптары бар халық үшін 76,5 теңге/м3-ден 72,68 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- есепке алу аспаптары жоқ халық үшін 119,45 теңге/м3-ден 113,48 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға.

10. Горводоканал" МКК (Екібастұз қаласы) суды бұру қызметіне халық үшін 35,73 теңге/м3-ден 33,94 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

11. "Бастау" МКК (Тереңкөл ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін 180,98 теңге/м3-ден 171,93 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

12. "Актогай - сервис" МКК (Ақтоғай ауданы) сумен жабдықтау қызметіне халық үшін 135,27 теңге/м3-ден 128,5 тенге/м3 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

13. "Аққу-сервис" МКК (Аққулы ауданы) сумен жабдықтау қызметіне орташа есеппен 5%-ға:

- халық үшін 94,67 теңге/м3-ден 89,94 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

- өзге тұтынушылар үшін 245,31 теңге/м3-ден 233,05 теңге/м3-ге дейін немесе 5%-ға;

14. "Теплосервис-Ақсу" КМК (Ақсу кенті) жылумен жабдықдау қызметіне халық үшін 2 383,81 теңге/Гкал-дан 2 091,4 теңге/Гкал-ға дейін немесе 12,3%-ға.

Осылайша, тарифтердің жүргізілген төмендеуін ескере отырып, Павлодар облысының коммуналдық қызмет тұтынушыларының (халық үшін) қаражатты үнемдеуі сәуір айында тек қана базалық субъектілер үшін шамамен 28 млн. теңгені құрайды.

Бұдан басқа, бұрын Департамент коммуналдық қызметтерді көрсететін субъектілерге пайда болған берешектер үшін тұтынушыларға төтенше жағдай кезінде ТКШ саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуды тоқтатпауға ұсыныс хат жолдады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны