13.05.2020, 20:01 7528

Павлодар облысындағы автомобиль жолдарының 350-ден астам шақырымы биыл жөнделеді

Өңірде автомобиль саласында 24 жоба іске асырылып жатыр. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 359,4 шақырымды құрайды.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Павлодар облысындағы автомобиль жолдарының 350-ден астам шақырымы биыл жөнделеді.

Өңірде автомобиль саласында 24 жоба іске асырылып жатыр. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 359,4 шақырымды құрайды.

Осы ретте облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 5 жоба жүзеге асырылуда. Жөндеуден өтетін облыстық жолдардың ұзындығы 91,2 шақырымды құраса, аймақтың аудандарында жолдардың 268,24 шақырымы жөнделеді. Дәлірек айтқанда, аудандық жолдарда жүзеге асырылып жатқан жобалар саны - 19.

Мәселен, жергілікті маңызы бар:

"Майқайың - Екібастұз" жолының 23-29 шақырымдары,

"Чернорецк - Ольгино - Успенка - Шарбақты" жолының 25-37 шақырымдары,

"Ертіс - Ертіс бекеті" жолының 38-40, 63,0 - 67, 1 және 62-63 шақырымдары қайта жаңарту жұмыстарынан өтпек.

Бұдан бөлек, осы жылы "Ақсу ауылы - Ленинский ауылы" жолы, "Шиқылдақ селосына кіру жолы", Шиқылдақ - Жарсор көлі" жолы, " Торайғыр селосына кіру жолы", "Чернорецк - Ольгино - Успенка - Шарбақты", "Башмачное - Озерное", "Кузьмино-Лесное", "Песчаное-Львовка","Ефремовка-Луганск" жолдары, "Аққу - Қазы - Майқараға", "Жаңа жұлдыз - Петропавловка", "Шарбақты - Галкино - Мақпал" жолдары, "Екібастұз қаласы әуежайына кіру жолы", KS ZL-1 Башмачное-Озерное", "Ақтоғай-Харьковка", "KS KM-1 Қызыл Октябрь - ЖаңаАқшиман" және "Шақат-Восточное-Шалдай" жолдары орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады.

Айта кету керек, Павлодар облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 942 шақырымды құрайды. Аталмыш жолдардың 82,6 % жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. 2019 жылы осы көрсеткіш бойынша ел өңірлері арасындағы рейтингте Павлодар облысы Маңғыстау және Жамбыл облыстарынан кейінгі 3 орынға жайғасқан болатын. 2020 жылғы қорытындыларға сәйкес жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарының нәтижесінде өңірдегі жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 85% жеткізіледідепкүтілуде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны