14.08.2020, 17:01 4712

Павлодар облысының Тереңкөл және Песчаное ауылдарында жылу тарифі төмендетілді

Сонымен бірге, тұтынушыларға 310 786 теңге мөлшеріндегі негізсіз алынған кіріс өтелетін болады.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысының Тереңкөл және Песчаное ауылдарында жылу тарифі төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Бастау" МКК-ның 2019 жылға арналған тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді.

Есептерді талдау нәтижелері бойынша, Департамент 310 786 теңге сомасында негізделмеген кірісті анықтады, ол ағымдағы жыл ішінде тарифтерді төмендету арқылы тұтынушыларға қайтарылады.

Осыған байланысты, Департаменттің бұйрығымен жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және жеткізу қызметтері үшін Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Бастау" МКК-ы үшін 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚҚС-сыз 7654,40 теңге көлемінде ҚҚС есебінсіз 0,3% төмендету бойынша уақытша өтемдік тариф енгізілді.

Сонымен бірге, тұтынушыларға 310 786 теңге мөлшеріндегі негізсіз алынған кіріс өтелетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны