02.11.2019, 14:35 16443

Павлодар облысының жолдарынан ақаулар табылды

Алайда, атқарылған жұмыстарға қарамастан, бұл учаскелерде жолдың асфальтбетон жамылғысында жарықтар, шұңқырлар пайда болып, асфальт шытынауы байқалады.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК қоғам белсенділерімен және журналистермен бірге Павлодар облысындағы Майқайың - Екібастұз жолының сапасын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК Бас директоры З. Сагинов қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен бірге облыстық "Майқайың - Екібастұз" жолына барды.

Аталған нысан 2017 жылы пайдалануға берілген. Жоба құны - 1 млрд 563,4 млн.теңге. Жалпы ұзындығы - 18 км. Тапсырыс беруші - "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, мердігерлер - "Гидропром" ЖШС және "Статус Люкс" ҚК.

Алайда, атқарылған жұмыстарға қарамастан, бұл учаскелерде жолдың асфальтбетон жамылғысында жарықтар, шұңқырлар пайда болып, асфальт шытынауы байқалады.

Осы уақытқа дейін де филиал қызметкерлері нысанға барып, жол-құрылыс материалдарын тексеріп, сынама үлгілерін: үстіңгі қабаттан 10 және төменгі жабын қабатынан 10 үлгілерін алды. Ал бұл жолды тексеру барысында алынған материалдар бойынша асфальттың қалыңдығы сәйкес келмеді, суға қанығу мен тығыздық коэффициенттері де дұрыс емес мөлшерде екені анықталды.Соның салдарынан асфальт қабынуға ұшырап жатыр.

Барлық бұзушылық фактілері бойынша тапсырыс берушіге, мердігерге және уәкілетті органдарға бұзушылықтарды жою туралы хаттар жіберілді.

Замир Сагинов мұндай жол тексерісі қоғам белсенділерімен бірге жалғасатындығын хабарлады. Оның айтуынша, азаматтар жолдың сапасына байланысты кез-келген өтініштер мен ұсыныстар бойынша Орталыққа +7 (7172) 739-739 телефоны арқылы хабарласа алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны