03.01.2008, 17:59 3092

Павлодарда 2008 жылы бидайды өсіретін және өңдейтін кәсіпорын кластері құрылады

Павлодарда 2008 жылы бидайды өсіретін және өңдейтін кәсіпорын кластері құрылады

Павлодар. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда 2008 жылы бидайды өсіретін және өңдейтін кәсіпорын кластері құрылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі " Қазақстан ұн" ЖШС сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан ұн"ЖШС, "Вереск" ЖШС бірлесе отырып, аймақта эспортқа бағытталған өсімдік өнімдерін терең өңдейтін және өсіретін технологиялық байланысы бар кешенді құрмақшы.

"Қазақстан ұн" ЖШС ақпараты бойынша, биылғы жылдың ақпан айының соңында Павлодарда макарон өнімдерін шығаратын ірі фабриканың құрылысы аяқталады. Алғашқы өнім 2008 жылдың наурызында шығарылады.

Сонымен бірге, шикізат базасы жіті дамытылады. Жоспар бойынша, "Вереск" ЖШС тарапынан өңделетін егінді алқаптар 200 мың гектарға дейін кеңейтіледі. Бұл Ертіс және Ақтоғай аудандарындағы пайдаланбай жатқан егістік жерлерді айналымға кіргізу арқылы жүзеге асырылады. Сарапшылардың сөздеріне қарағанда, жер өңдеу кезінде жоғары сапалы егінді қамтамасыз ететін ылғалды және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдаланылады.

Бұл жоспарды іске асыру үшін, 100 миллионов АҚШ доллары қажет. Бүгінде бұл мөлшердегі қаржы Қазақстанның даму банкі тарапынан несие бөлініп отыр.

"Қазақстан ұн" ЖШС өнімдері халықаралық және республикалық көрмелерінде бірқатар наградаларымен аталып өтті. Кәсіпкерлердің пікірінше, өндіріс кластерін құру арқылы Павлодар облысының өсімдіктер саласының дамуына үлкен қолдау жасалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны