19.09.2012, 13:18 3113

Павлодарда Қазақстан мен Ресейдің ірі компаниялары арасында 8 келісімге қол қойылды

Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара кеше Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Аймақаралық ынтымақтастығының ІХ форумы қарсаңында өтті. Бизнес-форумды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Қазақстан Даму банкі және РФ Сыртқы экономикалық банкі ұйымдастырды.

Павлодар. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодарда "Қазақстан Республикасының өңірлері мен Ресей Федерациясы арасында өндірістік кооперация және инновация саласында әріптестікті дамыту" Қазақстан-ресей бизнес-форумының аясында 8 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Даму банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара кеше Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Аймақаралық ынтымақтастығының ІХ форумы қарсаңында өтті. Бизнес-форумды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Қазақстан Даму банкі және РФ Сыртқы экономикалық банкі ұйымдастырды.

Бизнес-форумның жұмыс барысында Қазақстан мен Ресейдің ірі компаниялары арасында 8 келісімге қол қойылды. Атап айтқанда, Қостанай қаласында жылына 450 мың тонна арматура шығаратын ұсақ сұрыпты стан кешенінің құрылысы бойынша жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде "Қазақстан Даму банкі" АҚ мен "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС арасында келісімге қол қойылды. Бұл құжат "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС мен ҚДБ арасында несие жүйесінің ашылу жөнінде 2012 жылдың 14 тамызында қол қойылған келісім аясында жасалды. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы толық қарқынмен жүріп жатыр, жұмыстың 30 пайызы атқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны