18.04.2013, 16:02 4690

Павлодарда күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынбақ

"Жыл соңына дейін еуропалық компаниялардың бірі зауыттың ТЭН әзірлеп шығады. Жоспар бойынша, құрылыс 2014 жылы басталуы тиіс", - деп хабарлайды облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - "Павлодар" еркін экономикалық аймағы аумағында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жобаға 8,05 млрд теңге инвестиция салынады, оны "Күкірт қышқылы зауыты құрылысы" ЖШС жүзеге асырады.

"Жыл соңына дейін еуропалық компаниялардың бірі зауыттың ТЭН әзірлеп шығады. Жоспар бойынша, құрылыс 2014 жылы басталуы тиіс", - деп хабарлайды облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен.

Жобаға сүйенсек, зауыт қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылын шығаруға жеткілікті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны