12.12.2013, 19:13 2835

Павлодарда жергілікті қамтуды дамыту бойынша Өңіраралық форум өтті

"Форумды өткізгендегі басты мақсат отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің ұлттық компаниялар мен республикадағы ірі кәсіпкерліктер тарапынан сатылып алынып жатқан тауардағы, жұмыс пен қызметтегі үлесін арттыру", - делінген хабарламада.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan today. Павлодарда жергілікті қамтуды дамыту бойынша Өңіраралық форум өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Форумды өткізгендегі басты мақсат отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің ұлттық компаниялар мен республикадағы ірі кәсіпкерліктер тарапынан сатылып алынып жатқан тауардағы, жұмыс пен қызметтегі үлесін арттыру", - делінген хабарламада.

Форум жұмысына қатысуға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қазақстандық үлесті арттыру департаментінің директоры С.Камели, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының өкілдері, даму институты, компаниялар мен республикадағы тауар өндірушілер шақырылды.

Сонымен қатар, шараға республиканың 7 ұлттық компаниясы қатысты.

Форум аясында тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау құралының таныстырылуы ұсынылды.

Бұдан бөлек, 2014 жылға ұлттық компаниялар мен республикадағы ірі кәсіпкерліктер тарапынан сатылып алынып жатқан жұмыс пен қызметтер, тауарларды тасымалдауға қатысты келісімшарттарды түзу кездесулері өткізілді,

Және де "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ, мен "Қазатомтпром" ҰК" АҚ мен облыс әкімдіктері арасында қазақстандық үлесті арттыру бойынша өзара әріптестік труралы меморандумға қол қойылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны