17.10.2007, 18:15 3500

Павлодарда жылдың ең үздік комбайншысы бағалы сыйлықтармен марапатталады

Павлодарда жылдың ең үздік комбайншысы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Павлодар. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда осы жылы ең көп егін орған комбайншы бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың ауылшаруашылық департаментінің директоры Нұржан Ишімбетов хабарлады.

Департамент директорының айтуынша, мамандар шаруашылықтардағы түсім жинау көлемі туралы мәліметтер жинаған.

"Комбайншының кәсібі өте жауапты және ауыр екендігін бәрі біледі, сондықтан да олардың еңбектеріне назар аудару үшін, қызықтыру үшін және де оларды қолдау үшін біз кеңес кезіндегі дәстүрді жаңғыртып, олардың ең үздігін бағалы сыйлықтармен марапаттауды шештік",- деп атап көрсетті ауылшаруашылық департаментінің директоры. Ол сондай-ақ "бұл шаралар ауылдың жастарын комбайншы болуға ынталандыруға тиіс", деп қосты.

Салтанатты марапаттау рәсімі Ауылшаруашылығы жұмысшыларының күні - комбайншылардың кәсіби мерекесі күні өтеді. Ол дәстүрлі түрде қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ауылшаруашылық департаментіндегілердың хабарлауынша, "Түсім- 2007" байқауының қорытындысы бойынша ең үздік комбайншылардың тізімін Бакуовтар шаруашылығынан Артын Иукенов бастайды. Ол "Дон 1500" комбайнымен, өткен жылғы рекордты бір жарым есеге арттырып, 35 мыңнан астам центнер бидай жинаған. "Бұл біздің аймақтағы соңғы бірнеше жылдардағы рекордттық көрсеткіш",- деп атап өтті ауылшаруашылық департаментіндегілер.

Екінші орында осы шаруашылықтың комбайншысы - Юрий Казанцев. Ол «Медиум 350» комбайнымен 32 мың центнер астық орған.

Н. Ишімбетовтың хабарлауынша, «Жылдың ең үздік комбайншысы» байқауының жеңімпазы ауылшаруашылық департаментінен бағалы сыйлықтар, сонымен қатар аймақтың барлық тұрғындарынан алғыс хатын алады. Сондай-ақ жыл сайын жеңімпаздан жеңімпазға беріліп отыратын арнайы жалауша ұйымдастыруға шешім қабылданған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Павлодар облысының егін алқаптарындағы орақ науқаны 15-қазанда аяқталған болатын. Үстіміздегі жылы механизаторлардың жинаған астық түсімі облыс мұқтаждығынан үш есеге артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны