14.07.2009, 17:47 2981

Павлодарда жылына 100 мың тонна өнім өндіре алатын құбыр зауыты іске қосылды

Павлодарда жылына 100 мың тонна өнім өндіре алатын құбыр зауыты іске қосылды

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда жылына 100 мың тонна өнім өндіре алатын "Тік тігісті болат құбыр өндіру" зауыты іске қосылды. "Паритет" зауытының негізгі тұтынушысы - республиканың коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Зауыт құралын жабдықтау оны жөндеу әрі іске қосу жұмыстары атқарылды. Жаңа зауыт толық сынақтан өтіп, негізгі қызметіне көшті.

Ауқымды кәсіпорын бір ауысымда үш жүз тоннаға жуық су-газ құбырын жасап шығара алады.

Елбасының ел өңірлерімен арадағы телекөпірі барысында атап өткендей, мұндай қуатты зауыт елімізге шетел елден тасымалданатын өнім көлемін біршама қысқартуға бастайды. Жалпыұлттық телекөпір барысында Павлодар екі жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асқаны туралы "сүйіншісін" көрсеткен еді. Бірі: мұнай-химия зауытында сутегін өндіретін қондырғы. Жаңа өндірістік нысанды іске қосу ақшыл мұнай өнімдерін күкірт қоспаларынан тереңдетіп тазартуға мүмкіндік бермек.

Ал екіншісі тік тігісті болат құбыр шығару зауыты. Жобаны жүзеге асыру үшін 2,5 млрд теңге жұмсалған. Зауыт республиканың металлургиялық өнімге деген сұранысын қамтамасыз етпек. Шикізатты "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы жеткізсе, негізгі тұтынушы - еліміздің коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы. Қазірдің өзінде кәсіпорын үкіметтің "Жол картасы" жобасын іске асыруда белсенділік танытуда. Зауыт тозығы жетіп тұрған жылу, су, газ құбырлары желісін жаңа құбырмен алмастыра бастайды.

Айта кету керек, жергілікті құбырдың бағасы импортталған өнімнің құнымен салыстырғанда 30 пайызға арзан, бірақ сапасы аспаса, кем түспейді дейді мамандар.

Жаңа жұмыс орнына 120 жұмыскер тартылмақ. Көбісі - жергілікті техникалық колледждер мен жоғары оқу орнының студенттері. Владимир Кононов Ресейден келіпті. Ол қызмет еткен Сібірдегі, ірі Новосібір металлургиялық зауыты қаржы дағдарысына байланысты жұмысын тоқтатқан.

Өндіріс бойынша бас директордың орынбасары Владимир Кононов былай дейді:

"Қосымша жаңа жұмыс орны, шығарылып жатқан өнім - мұның бәрі ең бірінші осі өңірдің әл-ауқатын білдіреді. Мемлекетке де - үлкен олжа - жеке құбыр өндірші зауыты бар".

Отандық нарықтың су-газқұбырына деген сұранысы - жылына млн тоннаны құрайды. Жаңа зауыт 100 мың тонна өнім өндіретін қуатқа ие. Өндірістің келешек жоспары өнімнің түрі мен көлемін өсіру, делінген сюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны