20.09.2012, 12:44 3087

Павлодардағы халықаралық көрме аясында 322 млн. АҚШ долларынан астам қаржыға 19 құжат бекітілді

Естеріңізге сала кетейік, кеше Вице-Премьер Қайрат Келімбетовтің, сондай-ақ біратар министрлердің қатысуымен аталған көрменің ашылуы өтті.

Павлодар. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодардағы форум аясындағы "Қазақстан мен Ресейдің өндірістік кооперация және инновация саласындағы өңіраралық бастамалары" атты халықаралық көрменің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 322 млн. АҚШ долларынан астам қаржыға 19 келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Вице-Премьер Қайрат Келімбетовтің, сондай-ақ біратар министрлердің қатысуымен аталған көрменің ашылуы өтті.

Көрмені өткізу мақсаты - қазақстан-ресейлік өндірістік жобаларды таныстыру, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік компаниялар арасында жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін екіжақты байланысты орнатуға атсалысу.

Іс-шараға 190-нан астам қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар қатысты. Қазақстан тарапынан аталған шараға 13 облыстың, Астана және Алматы қалаларының ұйымдары мен кәсіпорындары, сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" АҚ, "ҚазАгро" АҚ секілді ұлттық компаниялар, кәсіпорындар болды.

Ресей тарапынан Ресейдің 15 аймағынан кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты (Новосібір, Самара, Омск, Владимир, Алтай өлкесі, Татарстан және Башқұртстан Республикалары және т.б.).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны