05.12.2007, 17:22 3258

Пекинде Ресей-Қытай-Қазақстанның 4 мұнайгаз форумы басталды

Пекинде Ресей-Қытай-Қазақстанның 4 мұнайгаз форумы басталды

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Пекинде Ресей-Қытай-Қазақстанның 4 мұнайгаз форумының жұмысы басталды, деп хабарлайды агенттік ұйымдастырушы Confidence Energy Ltd.компаниясының ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Мұнайгаз форумы 5- 7 желтоқсан аралығында China World-Shangri-la отелінде өтеді. Оның жұмысына Ресей, Қытай, Қазақстанның энергетикалық ведомстволарының, мұнайгаз компанияларының 200 аса өкілі қатысады.

Confidence Energy ақпараты бойынша, "форумды тең төрағалары болып отырған- Confidence Energy директоры Андрей Руденко, бұрынғы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының атқарушы хатшысы, Сиань еуразиялық экономикалық форумның төрағасы Чжан Дэгуан форум жұмысын ашты".

Чжан Дэгуан атап өткеніндей, бүгінгі күні энергетикалық саладағы РФ, ҚР, ҚХР арасындағы қарым -қатынастары мейлінше маңызды деңгейге көтерілуде, "Илемдік экономикадағы жаһандану жағдайында қарым- қатынас, энергетикалық мәселелер айрықша роль атқарып, үлкен маңыздылыққа ие болуда", - деді ол.

Ч. Дэгуан айтқанындай, ынтымақтастық бағыттарының бірі 2008 жылы Шығыс Сібір-Тынық мұхиты құбырының Қытайға салынатын тармағы. Мұндай мәлімдемені халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми аға қызметкері Ся Ишань жасады. "Бүгінді мұнай құбырының құрылысы жылдамдытылды, ол 2009 жылы іске қосылу керек. Құрылыстың аяқталуы 2008 жылға межеленген", - деп толықтырды ол.

"Форумның бірінші күнінің тақырыбы - "Қытай, Ресей, Қазақстан және Азия-Тынық мұхиты аймағының жағдайы және даму тиімділігі ", - деп атап өтті форумның ұйымдастырушылары.

Neftegaz.RU ақпараттық агенттігінің ақпараты бойынша, " жақсы дамып жатқан шараның міндеті бойынша, ресейдің, қазақстанның және қытайдың кәсіби энергетикалық нарығын және осы нарықтағы ынтымақтастығының тиімділігін зерттеп, мұнай және газды қайта өңдеу, шығару, барлау саласында бірлескен жобаларды талқылап, мемлекеттер арасында көлік инфрақұрылымы мен логистика, жаңа экспорттық-импорттық бағыттарын дамытудың инвестициялық мүмкіндіктерін бағалау".

Сондай-ақ, Қытай сияқты стратегиялық маңызды аймақпен қарым-қатынас орнатқысы келетін форум қатысушылар арасында өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін іскерлік кездесулер мен мәдени шаралар қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны