11.11.2011, 16:14 3731

Petromidia МӨЗ алты жаңа қондырғы орнату аяқталды

"Инвестициялық пакет 2010-2011" жаңғырту жоспарының толық аяқталуы 2012 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл ретте капиталдық салымдардың жалпы құны 367 млн. АҚШ долларын құрайды.

Астана. 11-қараша. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Rompetrol Rafinare компаниясы (The Rompetrol Group құрамына кіреді) Petromidia мұнай өңдеу зауытын модернизациялау аясындағы тоғыз өндірістік жобаның 6-ның аяқтағаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Инвестициялық пакет 2010-2011" жаңғырту жоспарының толық аяқталуы 2012 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, бұл ретте капиталдық салымдардың жалпы құны 367 млн. АҚШ долларын құрайды.

Инвестициялық пакет Petromidia мұнай өңдеу заводына Оңтүстік және Шығыс Европадағы алдыңғы қатарлы мұнай өңдеу заводтарының қатарына енуге мүмкіндік береді. Осы жоба аяқталғаннан кейін Petromidia мұнай өңдеу заводы толық көлемде қазақстан мұнайын өңдей алады, сонымен қатар Евро 5 стандарттарына сәйкес өнімнің сапасын қамтамасыз ететін болады, - деп, The Rompetrol Group бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Гавит Куркимов өз сөзінде атап өтті.

Толық жаңғыртудан өткеннен кейін Petromidia мұнай өңдеу заводы "Urals" маркалы шикі мұнайды 100% өңдей отырып, жылына шикізаттың өңделуін 3,7 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін ұлғайтады. Бұдан басқа мұнай өңдеу заводы дизель отынының сұрыпталуын 37%-дан 45%-ға дейін арттырады және Европа Одағының барлық нормалары мен заңдарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын өндіруді жалғастыратын болады.

Қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысы, Клаус қондырғысы (газды күкіртсіздендіру процесі), жаңа факелді жүйе, ауаны бөлу қондырғысы пайдалануға берілді және ваккумды газойлді гидротазалау қондырғысын дизелді отын қондырғысына ыңғайлап қайта жасау жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны