02.09.2016, 13:30 3597

Петропавл әуежайы жыл соӊына қарай қайта жаӊғыртылады - ИДМ

Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Б.Сейдахметов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласыныӊ әуежайында болып, жөндеу жұмыстарыныӊ барысын тексерді.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетініӊ төрағасы Б.Сейдахметов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласыныӊ әуежайында болып, жөндеу жұмыстарыныӊ барысын тексерді, деп хабарлады ИДМ.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Е.Сұлтановтыӊ қатысуымен бірлескен кеӊес өтіп, онда бас мердігер ұйым басшыларыныӊ есебі тыӊдалды. Айталық, медігерлер жұмысыныӊ жақсы жақтары мен кемшіліктері атап көрсетілді. Жолаушылар терминалын қайта жаӊғырту бойынша бас мердігер жұмыс кестесінен 10 күнге кешігуде. Бұл жобаны іске асыруда уақыттыӊ тығыздығы мен өӊір климатыныӊ ерекшеліктері ескерілген күнніӊ өзінде мұндай жағдайға жол берілмеуі қажет.

Іссапардыӊ қорытындысында құрылыс ұйымдарына 2016 жылдыӊ соӊына дейін іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша барлық жұмыстарды аяқтау қажеттілігі, сондай-ақ технологиялық жабдықты дайындау, тасымалдау, монтажын бақылау жұмыстары мен өндірістік сынақтарды жүргізу мерзімдерін ескере отырып, керек материалдарды жеткізу кестесін түзету қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, Петропавл қаласы әуежайыныӊ ұшу-қону жолағыныӊ жасанды жабынын, рульдеу жолын, перронды реконструкциялау және ҚЖО-1 жарық сигналы жабдығын орнатуға 5.98 млрд.теӊге бөлінді.Оныӊ ішінде 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ резервінен 4,0 млрд. теӊге және 2016 жылы Қазақстан Республикасыныӊ Бюджетінен 1,98 млрд. теӊге қарастырылған. Жобаны 2016 жылдыӊ желтоқсан айыныӊ соӊында аяқтау жоспарланып отыр.

Жолаушылар терминалын қайта жаӊғырту үшін 2016 жылдыӊ желтоқсан айында пайдалануға беру үшін, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1,29 млрд. теӊге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны