06.09.2016, 08:43 2362

Петропавлда 2016 жылдыӊ 7 айыныӊ қорытындысы бойынша негiзгi капиталға құйылған инвестиция көлемi 23,8 млрд.теӊгенi құрады

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтыӊ төрағалығымен өткен аппараттық кеӊесте 2016 жылы Петропавл қаласына инвестиция тарту жөнiндегi жұмыстар мен табиғи монополиялар мен бәсекелестiктi қорғау департаментi қызметiнiӊ I жартыжылдық қорытындысы талқыланды.

Петропавл. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтыӊ төрағалығымен өткен аппараттық кеӊесте 2016 жылы Петропавл қаласына инвестиция тарту жөнiндегi жұмыстар мен табиғи монополиялар мен бәсекелестiктi қорғау департаментi қызметiнiӊ I жартыжылдық қорытындысы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

2016 жылдыӊ 7 айыныӊ қорытындысы бойынша негiзгi капиталға құйылған инвестиция көлемi 23,8 млрд.теӊгенi құрады, физикалық индекс көлемi И 102,5%. Қаржы бөлу көздерi бойынша кәспiорынныӊ өз қаражаты И 12,5 млрд.теӊгенi құрайды, бұл жалпы көлемнiӊ 52,5%-ы.

Сондай-ақ, осы жылы оӊ өсiмдi сақтап қалу үшiн 53,4 млрд.теӊге көлемiнде қаражат бөлу керек. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы, жеке және заӊды тұлғалардыӊ қаражаты есебiнен салынатын құрылыс, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы мен қайта салу, көше желiлерi, республикалық маӊызы бар жолдар, бөгеттер, балабақшалар құрылысы, қонақ үйлер, сауда нысандары, бюджеттi ұйымдардыӊ материалдық-тахникалық базасын нығайту, жарғылық қорды молайту капиталды қажет ететiн жобалар кезекте тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны