22.01.2014, 19:25 5615

Петропавлда үй құрылысы комбинаты ашылады

Бұл тұтастай кешен болмақ: қала құрылысында жер телімін дайындау, ғимаратты жобалау, темір-бетон бұйымдарын өндіру мен дайындаудан бастап, тұрғын үйді салу мен пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмыстар атқарылады. Кәсіпкерліктің жоспарланағн қуаттылығы жылына 130 мың шаршы метр тұрғын үй. Жобаның құны 1 миллиард 200 миллион теңге.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Петропавлдағы "Бірлік" зауыты базасында үй құрылысы комбинатының құрылысы жобасы қолға алынады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

"Бірлік" ЖШС цехтарында ескі булау камерасы бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс қарқыны жоспарға сай жүргізілсе, мұнда бір айдан аталмыш жұмыс аяқталмақ. Артынша кәсіпкерлікті жаңғырту жұмыстары басталады. Жаңартылған зауыт базасында мамыр айының басында үй салу комбинаты ашылмақ",- делінген хабарламада.

Бұл тұтастай кешен болмақ: қала құрылысында жер телімін дайындау, ғимаратты жобалау, темір-бетон бұйымдарын өндіру мен дайындаудан бастап, тұрғын үйді салу мен пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмыстар атқарылады. Кәсіпкерліктің жоспарланағн қуаттылығы жылына 130 мың шаршы метр тұрғын үй. Жобаның құны 1 миллиард 200 миллион теңге.

"Аталмыш жоба СҚО сұранысын орындап қана қоймай, Ресейдің Омбы мен Қорған қалаларына да шығуға мүмкіндік алады. Осы мақсатта құрылысшылармен тікелей келіссөздер жүргізілуде. Ойымызша, біздің өнім ЭКСПО-2017 көрмесінде де сұранысқа ие болмақ", - дейді "ПЗСМ" ЖШС Бас директоры Александр Кондратов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны