25.08.2017, 19:41 6418

Петропавлдағы машина жасау кластерін қытай инвесторлары салады

"Бүгiнгi күнi бiрлескен кәсiпорын құрылды, барлық процедуралар өткiзiлдi. Петропавл қаласында өкiлдiк ашылды. Қала әкiмдiгi жер телiмiн бөлiп бередi, алдағы уақытта ол 500 гектарға дейiн ұлғайтылады. Бүгiн қытай компаниясыныӊ өкiлдерi айтқандай, оқу орталығы құрылып, болашақта 3000-ға дейiн жұмыс орны құрылатын болады", - дедi қала әкiмi.

Петропавловск. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Инвесторларды тарту және облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiндегi Өӊiрлiк кеӊестiӊ III отырысында Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов пен "Yan De Rui Gong Mao Co Ltd" компаниясыныӊ бас директоры Baн Тянь Де 65 млрд. теӊгенiӊ меморандумына қол қойды.

Кездесу кезiнде "Yan De Rui Gong Mao Co Ltd" компаниясыныӊ бас директоры Baн Тянь Де жоба Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Петропавл қаласында салынатын индустриялық парк екенiн айтты. Идея қытайдыӊ "Бiр белдеу - бiр жол" стратегиясына және қазақстандық "Нұрлы жол - болашақ жолы" бағдарламасына толық сәйкес келедi. Құрылыстыӊ жалпы алаӊы 500 гектарды құрайтын болады.

"Бiздiӊ жоба бiздiӊ өӊiрдiӊ "Хубай" повинциясынан зор қолдау тапты. Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловқа ризашылығымды бiлдiрiп, бiздiӊ губернатордыӊ алғыс хатын табыс етпекпiн. Мен губернатордыӊ атынан қалалар мен өӊiрлер туралы келiсiм жасауға көмек көрсеткенi үшiн өӊiр басшысына ризашылық бiлдiремiн", - дедi "Yan De Rui Gong Mao Co Ltd" компаниясыныӊ бас директоры Baн Тянь Де.

Baн Тянь Денiӊ сөзiне қарағанда, машина жасау кластерi орналасқан жерде аз коммуналдық шығын жұмсалып, инвестиция үшiн қолайлы жағдай жасайды. Индустриялық паркте өндiрiстiк цехтар, оқыту цехтары, даму институты болады. Өз кезегiнде Петропавл қаласыныӊ әкiмi Марат Тасмағанбетов аталмыш жоба қаланыӊ барлық әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшi үшiн үлкен серпiн беретiндiгiн атап айтты.

"Бүгiнгi күнi бiрлескен кәсiпорын құрылды, барлық процедуралар өткiзiлдi. Петропавл қаласында өкiлдiк ашылды. Қала әкiмдiгi жер телiмiн бөлiп бередi, алдағы уақытта ол 500 гектарға дейiн ұлғайтылады. Бүгiн қытай компаниясыныӊ өкiлдерi айтқандай, оқу орталығы құрылып, болашақта 3000-ға дейiн жұмыс орны құрылатын болады", - дедi қала әкiмi.

Индустриялық парк өндiрiстердi орналастыруды қарастырады. Парктiӊ ортасында жасыл саябақ аймағы өтедi, оныӊ ұзындығы 700, енi 100 метрдi құрайды, ал аймақтар салалар бойынша бөлiнетiн болады. Парк сұранысқа қарай арнайы машина техникаларын шығармақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны