14.07.2009, 13:47 2499

Петропавловск қаласында бюджетке қаладағы базарлардың қызметінен ай сайын 15 млн теңге түспей отыр - прокуратура

Петропавловск қаласында бюджетке қаладағы базарлардың қызметінен ай сайын 15 млн теңге түспей отыр - прокуратура

Петропавловск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында бюджетке қаладағы базарлардың қызметінен ай сайын 15 млн теңге түспей отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жүргізген хронометраждық зерттеу қорытындысы бойынша Петропавловск қаласындағы базарларда 16 күнде іс жүзінде бір реттік талондарды сатудан 16 млн 145 мың теңге түскен. Күніне 1 млн 100 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңгеге дейін салық түсіп отырған.

"Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджетке түсетін салық айына 30 млн теңгеден астам, ал жылына 350 млн теңгеден астам болуға тиіс. Ал уәкілетті органдардың қызметкерлері базарлардан айына 14 млн теңгеге жуық көлемде салық жинап жүрген",- деп хабарлайды прокуратура.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны