09.06.2008, 17:50 2864

Петропавловск қаласының электр қуатын тұтынушылары 200 млн астам теңге қарыз

Петропавловск қаласының электр қуатын тұтынушылары 200 млн астам теңге қарыз

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстандықтардың тұтынған электр қуаты үшін берешегіне қатысты мәселе "СевКазЭнергоПетропавловск" ЖШС-нің сату департаментінде журналистерге арнап өткізілген брифингте сөз болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті телерадиоарнаға сілтеме жасап.

Тұтынушылардың берешегі 200 млн теңгеден асады.

Қазір энергетиктердің қызметін 19 612 жеке тұлға тұтынады. Монополист тұтынушылардың осы санатынан төлемге қатысты сұрайтыны көп.

Петропавловск қаласының Заречный кенті тағы да ұзақ әңгіменің арқауына айналды. Энергетикалық компанияның өкілі Виктор Теннің журналистерге хабарлауынша, бүгінгі жағдаймен қарыз 6,1 млн теңгені құрап отыр.

"Қара тізімге" бюджеттік ұйымдар да қамтылды, олардың берешегі 35 млн теңгені құраса, өнеркәсіп орындарының қарызы 65 млн, коммерциялық берешектер 9 млн теңгені құрайды. Соңғыларына қатысты қатаң шаралар қолданылуда.

Энергетиктер бүгінде өнеркәсіп орындарына да осындай шара қолдануда, қазіргі жағдаймен 33 абонент электр қуатынан ажыратылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны