25.03.2010, 14:41 3618

Петропавловск нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын төмендетті

Петропавловск нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын төмендетті

Петропавловск. 25 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавловск нан-тоқаш комбинаты нанның бағасын төмендетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Петропавловск нан-тоқаш комбинаты" ЖШС коммерциялық директоры Серік Рамазановқа сілтеме жасап.

С. Рамазановтың айтуынша, негізгі нан-тоқаш өнімдерін өндіруші кәсіпорын нанды босату бағасын 42-ден 37 теңгеге дейін төмендетті. Кәсіпорынның 14 фирмалық дүкенінде нан 41 теңгеден сатылуда.

"Қаладағы барлық нан-тоқаш өнімдерін өндіруші кәсіпорындар пісіретін нанның 80%-ы Петропавловск нан-тоқаш комбинатының үлесінде. Комбинат 100-ден астам түрлі нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндіреді. Ол тәулік сайын 30 тоннадан астам нан-тоқаш, 3 тоннадан астам тәтті-кәмпит өнімдерін шығарады", - деді коммерциялық директор.

"Облыс әкімі Серік Біләлов алға қойған мақсат - нан өнімдерін арзандату үшін Германиядан су жаңа өндірістік жабдық сатып алынды. Сол жақтан маман- технологтар шақырылып, ең заманауи еуропалық технологиялар енгізілуде. Біздің кәсіпорын - толық автоматтандырылған кәсіпорын", - деді С. Рамазанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны