26.03.2017, 13:13 4274

Пластиктен сантехника өнімдерін шығаратын қарағандылық кәсіпорын мемлекеттік қолдау алды

Бүгінгі таӊда компания "Santec" белгісімен өнімніӊ түр-түрін шығаруда. Бұл су құбырларына, кәріз жүйелеріне, екі құбырды бір біріне бекіту үшін фитингтерге арналған пластик бұйымдар.

Қарағанды. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Даму" Қорыныӊ қолдауымен "Азия Трейд ЛТД" ЖШС жаӊа белестерді бағындыруда. Кәсіпорын 2 жылдан бері пластик құбырларды шығарумен айналысады.

"Даму" Қорыныӊ 50% кепілдемесі арқылы 2016 жылы "Delta Bank" АҚ кәсіпорынға несие берді. Несие қаражатына құрал-жабдықтар және өндіріске арналған шикізат сатып алынды. Нәтижесінде кәсіпорын қарқынды даму үстінде.

Бүгінгі таӊда компания "Santec" белгісімен өнімніӊ түр-түрін шығаруда. Бұл су құбырларына, кәріз жүйелеріне, екі құбырды бір біріне бекіту үшін фитингтерге арналған пластик бұйымдар.

Кәсіпорын үлкен өндіріс орны ғимаратыныӊ 1 қабатында орналасқан. Жалпы көлемі 2800 шаршы метр. Бірінші цехта алғашқы шикізат орналасқан. Ол шикізат Қытай, Үндістан және Ресей елдерінен әкелінген ақ ұнтақ. Осы ұнтақты өндірістік өӊдеуден кейін дайын өнім пластик құбырлар шығады.

"Азия Трейд ЛТД" ЖШС директоры және құрылтайшысы Нұржан Тезекбаевтыӊ айтуынша: "Алғашқыда біз тауарларды Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен импорттаған болатынбыз, ал қазір сол тауарларды өзіміз шығарып жатырмыз. "Даму" Қорына мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға былтырғы жылдыӊ тамыз айында ниеттенгенбіз. Енді қазір мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 50% кепілдеме арқылы Банктен өӊдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы бойынша 6% мөлшерлемемен несие алдық. Жаӊа 8 жұмыс орнын ашып, 30-ға жуық жаӊа тауар өнімдерін шығарып жатырмыз. Бағдарламаға қатысқаныма "Даму" Қорына алғысым шексіз".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны