09.07.2018, 19:50 3574

ПМХЗ шілде айыныӊ екінші онкүндігінен бастап тұтынушыларға авиациялық отын жөнелте бастайды

Бірінші партияда РО 5 мыӊ тонна авиа отын жөнелтіледі, бұл 80-ге жуық вагон-цистернаны құрайды.

Павлодар. 9 шілде. Kazakhstan Today - "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС РО маркалы авиациялық отынныӊ (реактивті отынныӊ) жаппай шығарылуын қайтадан жолға қояды және шілде айыныӊ екінші онкүндігінен бастап тұтынушыларға жөнелте бастайды.

Бірінші партияда РО 5 мыӊ тонна авиа отын жөнелтіледі, бұл 80-ге жуық вагон-цистернаны құрайды.

РО авиациялық отыны кәсіпорынды жаӊғырту кезінде толық жөндеуден өткен Павлодар МӨЗ-ніӊ мұнайды бастапқы өӊдеу кешенініӊ керосинді гидротазарту қондырғысында өндіріледі.

Бұл жерде шикізат күкірт, азот, оттегі құрамды, соныӊ ішінде реактивті қозғалтқыштар үшін қажетті отын көрсеткішіне жету үшін меркаптандарды жоюды қоса, қосылыстардан тазартылады, Павлодар МӨЗ өндірілген отын халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді, олар жеке көрсеткіштер бойынша олардан асып түседі.

Сонымен, Павлодар РО күкірттіӊ өте төмен мөлшеріне ие, сонымен қатар оныӊ тозуға қарсы қасиеттері, жоғары химиялық және жылу-тотықтырғыш тұрақтылығы бар.

Мұндай сапа көрсеткіштері технологиялық режімді қатаӊ сақтауға байланысты болады. РО маркалы авиациялық отын жоғары белсенділікпен заманауи никель-молибден катализаторын қолданумен біріктірілген 25 кгс/см2 орташа қысым кезінде 135-280?C қайнау шегімен тікелей керосин фракцияларын гидротазарту арқылы алынады.

Кәсіпорын РО маркалы реактивті қозғалтқыштар үшін отын шығаруды жолға қою актісін,сондай-ақ оны өндірудіӊ бекітілген технологиясын "Бүкілресейлік мұнай өӊдеу ғылыми-зерттеу институты" АҚ ("ВНИИ НП") алды.Сынап жүргізуді Haldor Topsoe және "Северодонецкий ОРГХИМ" АҚ мамандары жүзеге асырды. Іске қосу нәтижесінде қажетті сипаттамалары бар өнім алынды.

2018 жылғы маусымда "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ "ПМХЗ" ЖШС отыны Кеден одағыныӊ 013/2011 техникалық регламенттерініӊ талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны тіркеді.

"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны