05.08.2011, 13:20 7099

"Полиметалл" компаниясы Варвара кен орнындағы алтын және мыс өндірісін ұлғайтты

Компания мәліметтеріне сүйенсек, Варвара кен орнында былтырғы жылдың бірінші жартысында 37,3 мың унция алтын өндірілсе, биыл алғашқы алты айда 44,6 мың унция (өсім 20%) алтын өндірілген.

Алматы. 5 тамыз. Kazakhstan Today - "Полиметалл" ААҚ 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қостанай облысындағы Варвара алтын-мыс кенішіндегі кен өңдеу және металл өндіру көлемін арттырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компания мәліметтеріне сүйенсек, Варвара кен орнында былтырғы жылдың бірінші жартысында 37,3 мың унция алтын өндірілсе, биыл алғашқы алты айда 44,6 мың унция (өсім 20%) алтын өндірілген. Мыс - тиісінше 1943 тонна және 3512 тонна (өсім 81%) өндірілген. Айта кетер жайт, былтыр Варвара кен орыны 78,3 мың унция алтын мен 4003 тонна мыс өндірген, деп хабарлайды "Панорама" басылымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны