02.10.2009, 16:59 3672

Польша Қазақстан жағына сиыр етінің импортын қайта жандандыруды ұсынады

Польша Қазақстан жағына сиыр етінің импортын қайта жандандыруды ұсынады

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Польша Қазақстан жағына сиыр етінің импортын қайта жандандыруды сұрап ұсыныс тастады. Мұндай ұсынысты бүгін Астанада басталған Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының отырысы барысында Польшаның ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Артур Лавничак мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан жағынан Польшадан ірі қара мал мен сиыр етін импорттауды қайта жандандыруды сұрағым келеді", - деді А. Лавничак.

"ИСО стандарты бойынша Польша тәуекелді бақылауға болатын ел ретінде бағаланғанын айта кеткім келеді. Ал біз Еуропалық Одақ аясында ғана емес, сонымен бірге Ресей және Беларусь секілді елдермен сиыр етінің табысты саудасын жасап отырмыз. Сол себепті мен Халықаралық ИСО ұйымының стандарттарын мойындап, біздің елден ет импорттауға қайтадан мүмкіндік тудыруды сұраймын", - деді ол.

Сонымен бірге, Польша тарапынан Қазақстан Республикасынан көксеркенің белдеме етін импорттау мүмкіндігі ұсынылды. "Меніңше, бұл біздің арамыздағы қарым-қатынасты жақсарта түсуге айтарлықтай фактор бола алар еді", - деді делегация өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны