02.12.2012, 14:29 3321

Польша мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы биыл 2 млрд. долларды құрайды деп жоспарлануда

Оны Польшаның Қазақстан мен Қырғызстандағы Бас консулы, Елші Веслав Осуховский Алматыда өткен Польша-Қазақстан бизнесі кешінде мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Польша мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 9 айда 1 млрд. 576 млн. 207 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оны Польшаның Қазақстан мен Қырғызстандағы Бас консулы, Елші Веслав Осуховский Алматыда өткен Польша-Қазақстан бизнесі кешінде мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

"Польша бүгінгі таңда Еуропалық одақтағы саяси және экономикалық тұрғыдан өте тұрақты. Онда азаматтық қоғам тұрақтылықтың өте маңызды көзі болып отыр. Польша Еуропалық одақтағы өзге мемлекеттерге қарағанда дағдарыстан өте жақсы қорғануда. Ұлттық кіріс биыл 22 пайызды құрамақ, экономистер келесі жылы ол 20-22,5 пайыз шамасында болады деп болжауда. Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімнің көлемі қазір Польшада 20 мың долларды құрайды", - дейді В.Осуховский. Оның айтуынша, Қазақстанмен тауар айналымының көлемі жағынан Еуропалық одақ елдері арасында Польша сегізінші, ал Германия жетінші орында тұр. Бұл екі елдің әлеуеті бір-бірімен салыстыруға келмейтін деңгейде екенін ескерсек, сегізінші орын Польша үшін үлкен жетістік деуге болады.

Жалпы Польша мен Қазақстан арасындағы тауар айналымында Қазақстаннан Польшаға тауар экспорты 1 млрд. 240 млн. 914 мың долларды, ал Польшадан Қазақстанға тауар импорты 335 млн. 292 мың долларды құрайды. Өткен жылы тауар айналымының жалпы көлемі 1 млрд.355 млн. 488 доллар болған еді. Онда Қазақстаннан Польшаға тауар экспорты 1 млрд. 86 млн. 967 мың долларды, ал Польшадан Қазақстанға тауар импорты 268 млн. 520 мың доллар көлемінде болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны