29.03.2007, 16:22 3378

Польша президенті қазақстандық инвесторларды Польшадағы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырады

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Польша президенті Лех Качиньский қазақстандық инвесторларды Польшадағы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысуға шақырады. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен біріккен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Польшада қазір мыңдаған мемлекеттік және жойылу сатысындағы 400 кәсіпорын бар. Бұл жекешелендіру үшін аса ірі әлеует, сол себепті біз Қазақстан капиталын шақырамыз",- деді Л.Качиньский.

Оның айтуынша, "Польша қаржыны жаңа технологиялармен біріктіру мүмкіндігі бар тұстардағы инвестициядан мүдделі". "Польшада ақпараттандыру саласында ауқымды қорлар мен мықты мамандар бар",- деді ол. "Бізді сонымен бірге өндірістік сипаттағы инвестициялар қызықтырады",- деді Польша президенті.

Л.Качиньскийдің хабарлауынша, Польша экономикасына салынған отандық және шетелдік инвестициялардың көлемі 10 млрд доллардан асады. "Бірақ 40 млн халқы бар Польша бұдан әлдеқайда ауқымды инвестицияларды қабылдай алады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны