07.02.2008, 18:42 2821

Премьер бидай мен ұнның заңсыз экспортының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Премьер бидай мен ұнның заңсыз экспортының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Астана. 7 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіне бидай мен ұнның заңсыз экспортының алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды . Бұны премьер қаржы министрлігінің коллегиясы барысында кедендік бақылау комитетінің төрағасы Көзы-Көрпеш Қарбозовке тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіздер өздеріңіздің қызметтеріңізді күшейтіп, бидай мен ұнның заңсыз экспортына жол бермеулеріңіз керек ", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Премьер-министр атап өткеніндей, "бірнеше күн бұрын халықаралық нарықта бидайдың құны тағы да көтерілді". Сонымен бірге ол ескерткендей, "бидай өндірушілер биылғы жылдың астығы шыққанға дейін Қазақстанда бидай құнын ұстап тұратындары жөнінде меморандум бар".

"Шұғыл ақпараттар бойынша, бидай мен ұн тасымалдаудың заңсыз әрекеттері негізінен оңтүстік шекара бағытында жасалуы мүмкін", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны