23.08.2011, 12:38 3959

Премьер "Халықтық ІРО" бағдарламасына "ҚазАгро" компаниясын қосуды тапсырды

Осы орайдағы мәселелерді қадағалауды К. Мәсімов бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктеген.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке "Халықтық ІРО" бағдарламасына ауыл шаруашылығы саласындағы компаниялардың қатысуы мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, осы орайдағы мәселелерді қадағалауды К. Мәсімов бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктеген.

"Ауыл шаруашылы секторының компанияларын қарастыру керек. Мүмкін онда "ҚазАгро" құрамындағы компанияларды зерделеп шығу керек шығар", - деді үкімет басшысы министрге қаратып айтқан сөзінде.

"Бүгінде "ҚазАгро" жүйесіне кіретін компаниялар нарықтық жағдайдағы жұмыстары тұрғысында тартылуы үшін ауыл шаруашылығын толығымен нарықтық талаптарға шығаруымыз қажет. Бұл - оңай үдеріс емес. Себебі, осы бағыттағы шаралар тарифті қалыптастыру және басқа да мәселелерге қатысты", - деді Премьер-Министр.

Сөз соңында К. Мәсімов осы бағыттағы бастамалардың барлығы ашық әрі түсінікті болуы шарт екенін қадап айтты.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов "Халықтық ІРО" бағдарламасының жобасымен таныстырды. Осы құжатты қабылдау шаралары ағымдағы аптаның сенбісінде болатын Үкімет отырысына жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны