14.11.2006, 13:56 3042

Премьер министр экономиканың өңдеу секторындағы өсімді атап өтті

АСТАНА. 14 қараша . Kazakhstan Today. Қазақстан премьер министрі Даниал Ахметов үкімет отырысында сөйлеген сөзінде экономиканың өңдеу секторында едәуір өсім барын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Todaу агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың он айындағы экономиканың дамуына қорытынды жасаған Даниал Ахметов, "болжағанымыздай, өнеркәсіп саласындағы жағдай тез арада ретке келді, ондағы өсім 6,7% құрады,-деп мәлімдеді. Үкімет басшысының ақпараты бойынша, он айдағы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,4% құраған, ал тау-кен өндірісі 6,3% құрады. "Яғни өңдеу секторының ролін күшейтіп , нығайту ілгерілеп келеді",-деді премьер-министр.

Үкімет басшысының пікірінше, "мұндай өнеркәсіп саласындағы ілгерілеу инвестицияның өсуіне байланысты болып отыр. Он ай ішінде инвестиция 18% артқан". "Жалпы алғанда, негізгі капиталға тартылған экономикалық инвестиция 19% ұлғайды, бұл экономиканың нақты өсімінен екі есеге артып, ел экономикасын дамытудың басты локомотивіне айналды" ,-деді Даниал Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны