25.06.2018, 22:20 4630

Премьер -Министрдіӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келді

ҚР Премьер -Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысында іссапармен болып, "Орталық-Шығыс" автокөлік жолы мен өӊірдегі бірқатар индустриялық жобалардыӊ жүзеге асу барысымен танысты.

Өскемен. 25 маусым. Kazakhstan Today - ҚР Премьер -Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысында іссапармен болып, "Орталық-Шығыс" автокөлік жолы мен өӊірдегі бірқатар индустриялық жобалардыӊ жүзеге асу барысымен танысты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызмет көрсететін нысандарда атқарылып жатқан жұмысы туралы Асқар Маминге мекеме басшылары мен мердігерлер есеп берді. Бірінші Вице-Премьер "Орталық-Шығыс" автокөлік дәлізінде құрылыс барысын жете саралап, жүріп өтті. Бұл бағыттағы жұмыс қарқыны мен жоспары республикалық автокөлік жолы желісін дамыту туралы кеӊесте кеӊінен талқыланды.

Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары аумағымен өтетін республикалық маӊызды жолдар 7345 шақырымды құрайды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен мердігер мекемелер басшыларыныӊ баяндауынша, қазіргі таӊда "Орталық-Шығыс" көлік дәлізініӊ 404 шақырымы пайдалануға берілген. Тағы 501 шақырымына жөндеу және жаӊғырту жұмыстары жүргізіледі. Барлық құрылыс белгіленген кестеге сай, мерзімінде орындалуда.

Сондай-ақ, А. Мамин жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарыныӊ жағдайын бағдарлады. Айта кету керек, атқарып жатқан жұмыстарына оӊ бағасын берді. Республикалық маӊыздағы Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ аумағындағы жол бойында А,В, С, D дәрежесіне жататын 530 нысан орналасқан екен. 2018 жыл аяғына дейін олардыӊ 16-сы пайдалануға беріледі.

Инспекциялық тексеру қорытындысы бойынша, Премьер - Министрдіӊ бірінші орынбасары "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ына биыл "Орталық-Шығыс" көлік дәлізініӊ 905 шақырымында қозғалысты ашуды, ал 2019 жылы жобаны аяқтауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Семей қаласына сапарында қаланыӊ жылу орталықтары мен магистральдық жылу желілерініӊ технологиялық құрылғыларын жаӊғырту турасында жасалынып жатқан жұмыстарды көрді.

Асқар Мамин қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді шығарып, оған техникалық қызмет көрсететін "Семей инжиниринг" АҚ өндірістік кәсіпорныныӊ қуатын бағамдап, Семей машина жасау зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Жарма ауданындағы "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС жасаған сапарында барысында А. Маминге 2018 жылы жаӊа кен байыту өндірісі іске қосылатындығы баяндалды.

Өӊірге сапары кезінде А. Мамин "Қарағайлы" жаӊа шағын ауданы мен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясындағы салынған үйлерді, 320 орындық балабақшамен танысты.

ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны