24.05.2011, 14:01 2883

Премьер Жезқазған өңірін дамыту мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-мамыр күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңес барысында өндірістік Жезқазған өңірінің даму болашағы қаралды.

Астана. 24 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жезқазған өңірін дамыту мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-мамыр күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңес барысында өндірістік Жезқазған өңірінің даму болашағы қаралды.

"Кеңес соңында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов экономикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовке мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, Қарағанды облысы әкімдігі мен даму институтарының басшыларынан құралатын жұмыс тобын құруды тапсырды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны