07.02.2008, 18:33 2713

Премьер-министр Алматыдағы мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандарына ревизия жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Алматыдағы мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандарына ревизия жүргізуді тапсырды

Астана. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Алматыда орналасқан мемлекет меншігіндегі жылжымайтын мүлік нысандарына ревизия жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматыдан Астанаға көшкен кезде мемлекет меншігіндегі көптеген жылжымайтын мүліктер қалуға тиіс болатын",- деді К. Мәсімов.

"Осының анық -қанығын анықтап, не болып жатқандығын, біз оларды не істейміз, бізде осы жылжымайтын мүліктердің қаншасы қалғандығын маған нақты баяндаңыздар",- деді ол қаржы министріне қарап айтқан сөзінде. Премьер-министр қаржы министрінен аталмыш мәселенің байыбына баруды өтінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны