29.08.2007, 13:04 3015

Премьер-министр инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды

Премьер-министр Кәрім Мәсімов инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 29 тамыз. АСТАНА. Премьер-министр Кәрім Мәсімов инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырды.

"Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырамын", - деп мәлімдеді К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. "Қазіргі жағдаймен бұл мәселе айқындалмай отыр", - деп қосты ол.

К.Мәсімовтың айтуынша, "бұл жұмыстарды 2009-2011-жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыруға қатысты бюджеттік процесс басталмай тұрып аяқтау қажет".

Сонымен бірге үкімет басшысы бюджеттік бағдарламаларды түзетуге қатысты өзгерістерді "тез арада" Бюджеттік кодекске енгізуді тапсырды. " Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Бюджеттік кодекске осындай жұмыспен үкіметке дербес айналысуға мүмкіндік беретін өзгертулер мен толықтыруларды тез арада енгізуді тапсырамын", - деді К. Мәсімов.

Ол сонымен қатар вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке "ағымдағы жылдың аяғына дейін пилотты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын олар көрсететін қызметтермен және мақсаттық индикаторларымен байланыстыра түзетуді өз бақылауына алуды тапсырды".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны