24.02.2009, 16:24 1432

Премьер-министр Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне және Салық комитетіне авиакеросин жеткізіліміне тексеру жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне және Салық комитетіне авиакеросин жеткізіліміне тексеру жүргізуді тапсырды

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Қаржы министрлігінің Кеден комитетіне және Салық комитетіне авиакеросин жеткізіліміне тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Үкімет басшысы: "елімізге 300 мың тонна авиакеросин "жасырын" жеткізілуде. Болат Бидахметұлы, Кеден және Салық комитеттерімен бірлесе тексеру жүргізіңіздер", - деді Қаржы министрі Б. Жәмішевке қаратып айтқан сөзінде. "Тексеруге бір ай уақыт беремін. Кім, қайда, қалай жеткізеді, нақты сандар аталуға тиіс. 300 мың тонна айырмашылық болып тұр, бұл - жарамайды", - деді үкімет басшысы.

Отырыста сөз алған Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов авиакеросиндердің балансы шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. "Өткен жолы комиссияда мен 2008 жылы елімізде шамамен 800 мың тонна авиакеросин тұтынылғаны жөнінде мәселе қойдым. Ал мұнда 590 мың тонна туралы әңгіме болып отыр. Яғни, авиакеросиндердің тепе-теңдігі ақиқатқа сәйкес келмейді", - деді С. Ахметов.

ҚР ЭМРМ С. Мыңбаевтың атап көрсеткеніндей, "тепе-теңдік өндірістің негізінде жасалады, бұл статистика белгілі. Ал импортқа қатысты сандар Кеден комитетінін алынады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны