29.01.2008, 12:24 1898

Премьер-министр "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды

Премьер-министр "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды. Ол бүгін үкіметте өткен отырыс барысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, "Самұрық" пен ҚазМұнайГазға "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алу жөнінде тапсырма берілгенін еске саламын, сіздер осы жұмысты сөзбұйдаға салып отырсыздар", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министрдің бағалауынша, МаңғыстауМұнайГаз акцияларын сатып алғаннан кейін "Павлодар мұнай өңдеу зауытын және автожанармай құю станцияларын кеңейту туралы сөз қозғауға болады". "Яғни, мемлекеттің мүмкіндігін екі жолмен, атап айтсақ, Қазақстанның ішкі сұранысын мұнай және мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайту жөнінде сөз болып отыр", - деді премьер-министр.

"Біз мұнайлы елміз, біз халыққа бұл мәселені тұрақты реттей аламыз деп кепілдік беруге тиіспіз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны