29.01.2008, 13:54 2000

Премьер-министр "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды (толықтырылған нұсқа)

Премьер-министр "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" АҚ тарапынан "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алуды тездетуді тапсырды. Ол бүгін үкіметте өткен отырыс барысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне, "Самұрық" пен ҚазМұнайГазға "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларын сатып алу жөнінде тапсырма берілгенін еске саламын, сіздер осы жұмысты сөзбұйдаға салып отырсыздар", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министрдің бағалауынша, МаңғыстауМұнайГаз акцияларын сатып алғаннан кейін "Павлодар мұнай өңдеу зауытын және автожанармай құю станцияларын кеңейту туралы сөз қозғауға болады". "Яғни, мемлекеттің мүмкіндігін екі жолмен, атап айтсақ, Қазақстанның ішкі сұранысын мұнай және мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді ұлғайту жөнінде сөз болып отыр", - деді премьер-министр.

"Біз мұнайлы елміз, біз халыққа бұл мәселені тұрақты реттей аламыз деп кепілдік беруге тиіспіз", - деді ол.

Еске сала кетейік, "ҚазМұнайГаз" АҚ "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларының 72 проценттік бақылау қоржынын сатып алуға шешім қабылдаған.

Ірі мұнай компанияларының акциялары қоржынының блок пакетін мемлекеттің бақылауына қайтару жанар-жағармай бағасын ұстап тұру мүмкіндігі тұрғысынан да, өндірілетін шикізатты терең өңдеуді дамыту және Маңғыстау өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу тұрғысынан да пайда табуға жол ашады

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағанындай, ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы "МаңғыстауМұнайГаз" компаниясы акцияларының бақылау пакетінің негізгі 99 процентін иемденуші Индонезияның Central Asia Petroleum Ltd оффшорлық компаниясымен "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ-ның акциялары қоржынының блок пакетін сатып алу жөніндегі ниет хаттамасына қол қойған . "Бұл сауда-саттық ұлттық компанияның активтер көлемін ұлғайту стратегиясын жүзеге асыруға және ҚазМұнайГаз ҰК компаниялары тобының мұнай өндіру көлемі мен дәлелденген қор көлемін біршама ұлғайтуға мүмкіндік береді", -делінген баспасөз баянында.

"МаңғыстауМұнайГаз" АҚ он алты ЖШС-нің 100 проценттік қатысуымен құрылған. Ақ балансында мұнай мен газдың 36 кеніші бар, оның 15-і игерілуде. Қоры жағынан ең ірісі Қаламқас және Жетібай (алынатын қоры 128,9 млн тонна мұнай), онда жалпы алынатын мұнай қорының 88,8% шоғырланған.

2007 жылдың қаңтар қараша айларында 5 млн 225,1 мың тонна мұнай өндірілген, бұл 2006 жылғы деңгейден 0,8% төмен.

Компания 1963 жылы республикалық маңызы бар мемлекеттік кәсіпорын ретінде қүрылған және 1991 жылы Қазақстанның Энергетика және отын ресурстары министрлігінің тікелей қарамағында болды, ал 1993 жылдың қазан айы мен 1996 жылдың маусым айлары аралығында "МұнайГаз" мемлекеттік холдингтік компаниясының құрамына енді. "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ 1995 жылы мемлектетік мүлік жөніндегі Маңғыстау аумақтық комитетінің қаулысымен мемлекеттік "МаңғыстауМұнайГаз" өндірістік бірлестігін қайта құру жолымен құрылған.

1996 жылдың маусым айында кәсіпорын газдымұнайлы Асар, мұнайгазды Бұрмаша, газдымұнайлы Қаламқас, Алатөбе мұнайлы, мұнай және газ конденсатты Жетібай, Солтүстік Қаракие, мұнайгазды Оймаша, газдымұнайлы Шығыс Жетібай, ал 1996 жылдың қараша айында мұнайлы және газды конденсатты Оңтүстік Жетібай кеніштерінен көмірсутегі шикізатын өндіруге Қазақстан үкіметінің лицензиясын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны