18.09.2007, 15:21 3004

Премьер-министр коммерциялық банктердің өз саласына жатпайтын активтерінің бір бөлігін сата бастауын "жақсылықтың белгісі" деп атады

Премьер-министр Кәрім Мәсімов коммерциялық банктердің өз саласына жатпайтын активтерінің бір бөлігін сата бастауын "жақсылықтың белгісі" деп атады.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Премьер-министр Кәрім Мәсімов коммерциялық банктердің өз саласына жатпайтын активтерінің бір бөлігін сата бастауын "жақсылықтың белгісі" деп атады.

"Кейбір банктердің өз қарамағындағы тиісті бағытқа жатпайтын ішкі және сыртқы активтерін сата бастауы жақсылықтың нышаны", - деді Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Сонымен бірге, Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, банк акционерлерінің ІРО шығарудан түскен қаржыны өз депозиттерінде сақтауы да оң құбылыс. "Мен бір банктің ІРО шығарудан түскен қаржыны өз депозитінде сақтағаны жөнінде баспасөзден оқыдым. Бұл да оң белгі, акционерлер өз қаржысын өз банкіне әкелуде, бұл нарықтағы маңызды нышан", - деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны