Система Orphus

Премьер-министр ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қалаға көшіп келушілерді кәсіби-техникалық оқытуды қаржыландыру жөнінде ойластыруды тапсырды

09.10.2007, 18:50 1966

Астана. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановқа "қалаға ауылдан көшіп келушілерді кәсіби-техникалық оқытуға қатысты әдістеме" әзірлеуді тапсырды. Мұндай тапсырманы бүгін үкімет отырысы барысында берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігі сәйкес министрліктермен бірлесе отырып, біздің ауылдық жерлерден үлкен қалаларға көшіп келіп жатқан адамдарды кәсіби-техникалық оқыту жөніндегі ұстанымымызды әзірлеу керек",- деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, Кәрім мәсімов экономика министріне "аймақтық дамыту бағдарламасын ескере отырып, ішкі көші-қон саясатын дамыту концепциясына қатысты әдістемені әзірлеп, алдағы отырыстардың бірінде баяндауды" тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны