02.04.2018, 16:27 5945

Премьер-Министрдіӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасын несиеге алу кезінде пайыздық мөлшерлеменіӊ бір бөлігі (7-10%) бюджет есебінен субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникасын алуға 25% көлемінде өтейтін инвестсубсидия бағдарламасы жалғасатын болады.

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Ақмола облысындағы ет бағытындағы кооперацияны дамыту мәселелері бойынша өткізілген жиында саланы дамытудыӊ перспективалық бағыттары, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау саясаты талқыланды.

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешен алдында еӊбек өнімділігі мен өӊделген ауыл шаруашылығы тауарларыныӊ экспортын 2,5 есеге арттыру туралы тапсырма қойған болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудыӊ қолжетімділігін арттыру, сату нарығын кеӊейту және ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспортын дамыту, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудыӊ тиімділігі, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, заманауи технологиялардыӊ қолжетімді болуына ерекше назар аударылуда.

Отандық мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдауды арттыру көзделуде. Қазіргі уақытта қолданыстағы шаралар республикамыздыӊ экспорттық әлеуетін арттыратын 16 мыӊ фермерлік шаруа қожалықтардыӊ құрылуына негіз болды. Осындай шаруа қожалықтардыӊ бірі Бұланды ауданында орналасқан, етті бағыттағы "Ангус" тұқымдас ірі қара малмен айналысатын "Қайрат" ШҚ.

Мемлекеттік саясаттыӊ тағы бір бағыты қазақстандық фермерлерді заманауи және қолжетімді техникамен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта тракторлардыӊ 86% мен комбайндардыӊ 72% қолданылу мерзімі 10 жылдан асып кеткен. 2017 жылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мен жаӊарту деӊгейі күрт төмендеді. Бұл өз кезегінде егінніӊ сапасына, кірістіӊ азаюына, техниканыӊ тұрып қалуына және эксплутациялық шығындардыӊ көбеюіне алып келеді.

Осыған орай, лизингке берілетін ауыл шаруашылығы техникасын несиелеу кезінде берілетін сыйақы мөлшерін субсидиялау жоспарлануда. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасын несиеге алу кезінде пайыздық мөлшерлеменіӊ бір бөлігі (7-10%) бюджет есебінен субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникасын алуға 25% көлемінде өтейтін инвестсубсидия бағдарламасы жалғасатын болады.

Сонымен қатар, инвестсубсидия бойынша аванстық төлем несие алушыныӊ арнайы шотына түседі, бұл өз кезегінде фермерге лизинг бойынша алғашқы төлем ретінде (15-20%) пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта минералды тыӊайтқыштарды субсидиялау процесі толығымен автоматтандырылған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы 2018 жылдыӊ 1 ақпанынан бастап субсидия алуға өтінім электронды түрде қабылдануда. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына тыӊайтқыштарға субсидия беріле бастады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі өзекті мәселелер туралы толық ақпарат алу үшін еліміздіӊ барлық өӊірлерінде кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырады.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны