05.03.2007, 15:46 3327

Президент 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Үкіметке жылдың алғашқы жартысында еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде тағы да екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырамын", деді мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007-жылдың алғашқы жартысында Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкіметке жылдың алғашқы жартысында еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде тағы да екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырамын", деді мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.

"Қазір біз пилотты бірінші ұйым - "Сары- Арқаны" құрдық. Соның негізінде даму институттарымен және "Атамекен" одағымен бірлесіп әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы қысқа мерзімде нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастау қажет",- деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы еліміз аумағында жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру көзделген. Корпорациялар аймақтық даму институттарына айналып, облыстар экономикасының өсуіне серпін беруге тиіс. Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өз пайдасының біәр бөлігін әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға арнауға тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны