Нұр-Сұлтан. 26 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір, қалпына келтіру өсімі кезеңінде Үкімет жаңа жағдайда салық-бюджет саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі керек. Үкіметке "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлату және жұмсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Ол сандық шешімдерге, үлкен деректерді пайдалануға және blockchain технологиясына негізделуі керек. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер кассалық онлайн-аппараттар мен POS-терминалдарды пайдаланған жағдайда оларды салық есептілігін беруден босату мәселесін қарауды тапсырамын", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.