07.03.2013, 10:28 3579

PSA 2013 жылы Қазақстанда көлік құрастыра бастайды

PSA Peugeot Citroen 2013 жылы Қазақстанда жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктерді құрастыра бастамақ, жылына 4 мың көлік құрастыру жоспарлануда, делінген PSA хабарламасында.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - PSA 2013 жылы Қазақстанда көлік құрастыра бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

PSA Peugeot Citroen 2013 жылы Қазақстанда жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктерді құрастыра бастамақ, жылына 4 мың көлік құрастыру жоспарлануда, делінген PSA хабарламасында.

DKD (Disassembled Knock Down) технологиясы бойынша Peugeot көліктері Қостанайда "АгромашХолдинг" АҚ-ның өнеркәсіптік алаңдарында құрастырыла басталмақ.

Жергілікті жерде жиналған алғашқы көліктер Қазақстанда саудаға Peugeot дилерлік желісіне 2013 жылы шілде айында түспек.

Болжамдарға қарағанда, 2017 жылы Қазақстанда көлік рыногының көлемі 230 мың көлікке жетпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны