30.06.2018, 13:01 7991

QAZAQ AIR әуекомпаниясы үстіміздегі жылдыӊ бірінші жартыжылдық жұмысыныӊ нәтижелерін қорытындылады

Осылайша жарты жыл ішінде QAZAQ AIR әуекомпаниясы Қазақстан Республикасы ішінде 10 бағыт бойынша қатынап, былтырғы жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 55% көп жолаушыны тасымалдап үлгерді. QAZAQ AIR компаниясыныӊ жалпы жолаушылар саны 600 мыӊға жеткенін атап кеткен жөн.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - QAZAQ AIR әуекомпаниясы үстіміздегі жылдыӊ бірінші жартыжылдық жұмысыныӊ нәтижелерін қорытындылады.

QAZAQ AIR әуекомпаниясыныӊ басшылығы 2018 жылдыӊ бірінші алты айында жасалған операциялық қызметі жұмысы нәтижелерімен бөлісті. Осылайша жарты жыл ішінде QAZAQ AIR әуекомпаниясы Қазақстан Республикасы ішінде 10 бағыт бойынша қатынап, былтырғы жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 55% көп жолаушыны тасымалдап үлгерді. QAZAQ AIR компаниясыныӊ жалпы жолаушылар саны 600 мыӊға жеткенін атап кеткен жөн.

"Биылғы жылдыӊ наурыз айында QAZAQ AIR әуекомпаниясы жартымиллиондық жолаушысын тасымалдады, ал 2018 аяғына дейін 700 мыӊ адамды тасымалдауды жоспарлап, бұл белгіні жылына 350 мыӊ жолаушыға дейін жеткізбек," - деп мәлімдеді QAZAQ AIR әуекомпаниясыныӊ басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Сонымен қатар,жоғарыдағы жылы әуекомпанияныӊ жүктеме коэффиценті 76% құрап, былтырғы жылдыӊ дәл осы кезеӊімен салыстырғанда 19% артқанныӊ атап кетті. "Аталмыш жәйт Қазақстан ішіндегі аймақтық әуетасымалыныӊ қарқынды дамуын дәлелдейді. Және де біз жолаушылардыӊ қажетінен туындап отырған бағыттарды дамытуға тырысамыз" - деді Блэр Трехерн Поллок мырза.

Аймақтық әуетасымалмен қатар QAZAQ AIR әуекомпаниясы екінші жыл қатарынан Ыстықкөлге баратын чартерлік бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұдан былай аталмыш туристік мекенге оӊтүстік астана тұрғындарымен қатар, еліміздіӊ бас қаласынан да Алматы арқылы чартерлік рейстер орындалатынын атап кеткен жөн.

"QAZAQ AIR-діӊ бас жетістіктерініӊ бірі, ол 2018 жылдыӊ екінші жартысында алайын деп жатқан IOSA сертификаты. Бұл сертификат Халықаралық әуекөлік транспорты ассоциациасымен расталып, әуекомпанияныӊ қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін куәландырады. Естеріӊізге сала кетсек, қауіпсіз сапарлар - біз үшін басымдық", - деп атап өтті Блэр Трехерн Поллок.

QAZAQ AIR 100% акциялары "Самұрық-Қазына"АҚ-на тиесілі, Қазақстанныӊ аймақтық бағыттарында қызмет көрсететін әуе компаниясы.

QAZAQ AIR әуефлоты Қазақстан әуе компанияларыныӊ ішіндегі еӊ жасы,орта жасы екіге толған 78 орынды ұшақтары заманауи,әрі ыӊғайлы Bombardier Q400 NextGen әуе кемелерінен тұрады.

Bombardier Q400 NextGen - жолаушылар салонында заманауи шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, кеӊ отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар,жүк салатын кеӊ сөрелермен жарқын светодиодты жарық жүйесімен жабдықталған жаӊа ғасырдыӊ әуе лайнері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны