18.02.2020, 23:17 8449

ҚР-да басым емес бюджет шығыстары 128,9 млрд теңгеге қысқартылады

Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР-да басым емес бюджет шығыстары 128,9 млрд теңгеге қысқартылады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша - 23,3 млрд теңге, жергілікті бюджет бойынша - 26,6 млрд теңге, квазимемлекеттік сектор бойынша - 79 млрд теңге.

Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады.

Мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың жүргізген жұмыстарының нәтижелері бойынша қысқартуға ұсынылған шығыстардың жалпы сомасы 128,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардан - 23 млрд теңге, өңірлерден - 26,6 млрд теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен - 79 млрд теңге.

"Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет", - деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны