20.10.2022, 14:43 40986

ҚР-да жаңа піскен көкөністердің бағасы бір жылда 10%-ға өсті

ҚР-да жаңа піскен көкөністердің бағасы бір жылда 10%-ға өсті
Астана. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда жаңа піскен көкөніс бағасы бір жылда 10%-ға қымбаттады. Сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, көкөністің импорты экспорттан едәуір асып түседі.
 
Energyprom зерттеуіне қарағанда, 20 қазанда келесі көрсеткіштер келтірілген:
 
  • Қияр - 29,6%-ға;
  • Қызанақ-21,8%-ға;
  • Пияз - 13,9%-ға;
  • Картоп - 13,2%-ға қымбаттады.
 
Сонымен бірге сәбіз бен ақ қырыққабат арзандады.
 
Сарапшылардың айтуынша, Алматы облысының тұрғындары бағаның өсуін ерекше сезінді. Жетісу және Атырау облыстарында да көкөніс айтарлықтай қымбаттады. Ал Жамбыл мен Ұлытау облыстарында бағаның төмендеуі байқалды.
 
2022 жылы көкөністің негізгі түрлері бойынша Қазақстанға импорт экспорттан бірнеше есе асып түсті.
 
Мәселен, қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баклажан импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш - 47,6 есе, қырыққабат - 18,3 есе өсті.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны