Система Orphus

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері биыл маусымның соңында 30 пайызға артқан жалақы алады

07.06.2019, 23:27 6265

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. Kazakhstan Today - 2019 жылдың маусымның соңында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерінің, яғни, 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өседі.

Денсаулық сақтау саласындағы мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 1 маусымнан бастап көтеріледі. Олар: негізгі қызметкерлер - дәрігер, провизор,психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар; қосымша қызметкерлер - іс жүргізуші, оператор, хатшы; техникалық қызметкерлер - санитарлар, көлік жүргізуші, аула тазалаушы, қарауыл; әкімшілік қызметкерлер - есепші, программист, кадр бойынша инспекторлар; басқарушы қызметкерлер - басшылар және олардың орынбасарлары, бас есепші.

Қызметкерлердің жалақысы "Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына, азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы" ҚР Үкіметінің № 1193 қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі "SENIM" салалық кәсіпорны және ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы келісім негізінде көтеріледі.

Қызметкерлердің жалақысы былай өседі:

Категориялар тізімі Жалақы, теңге өсім қазіргі қосылғаны,теңге %

категориясыз 94 095 122 323 28 228 30%

екінші 106 164 138 014 31 849 30%

бірінші 111 031 144 340 33 309 30%

жоғары 122 516 159 271 36 755 30%

Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмысөтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі.

Естеріңізге салсақ, бұл шара Елбасының 2019 жылы 27 ақпандағы "Нұр Отанның" XVIII съездінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 2019 жылы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 30 пайызға дейін артуы тиіс еді. Кейін ол Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың 1 маусымына ауыстырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны