18.11.2020, 17:23 10576

ҚР Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО жұмысымен танысты

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО жұмысымен танысты.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты.

"Алматы электр станциялары" АҚ-ның ("АлЭС") ЖЭО-2 және ЖЭО-3 негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. Кәсіпорын Алматы қаласының тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктілері үшін жылу, электр энергиясын өндіреді. ЖЭО-2-нің белгіленген қуаты - 510 МВ, ал ЖЭО-3-тікі - 173 МВТ.

ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін негізгі отын - Екібастұз кен орнының ("БогатырьКөмір" разрезі) көмірі. Тамызық отын ретінде мазут пайдаланылады.

2017 жылы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні жаңғырту жөнінде Үкімет 2020 жылғы 20 қазанда өткізген кеңесте "Самұрық-Энерго" АҚ ұсынып отырған ЖЭО-2-нің жұмыс істеп тұрған қазандықтарын газға ауыстыра отырып жаңғырту және газ инфрақұрылымын салу нұсқасы мақұлданды.

Нұрлан Ноғаев ЖЭО-2-ні аралау барысында мамандардың кәсіпорынды жаңғырту бойынша жоспарымен және ЖЭО-2-ні газға ауыстыруды техникалық орындау мүмкіндіктерімен танысты.

Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Жобаны 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, "Самұрық-Энерго" өкілдерінің министрге айтуынша, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ЖЭО-3-ті газға ауыстырудың ТЭН-ін әзірлеуді мақұлдау бойынша ішкі корпоративтік рәсімдер жүріп жатыр.

"Самұрық-Энерго" АҚ - Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, "Алматы электр станциялары" АҚ, "О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы" АҚ, "Шардара СЭС" АҚ және т.б. кіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны