18.05.2020, 22:01 4151

ҚР Үкіметі жанар-жағармай өндірушілерін қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады

ҚР Үкіметі жанар-жағармай өндірушілерін қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады

Алматы. 18 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі жанар-жағармай өндірушілерін қолдау бойынша бірқатар теңдессіз шаралар қабылдады.

2020 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша бензин тұтыну көлемі 1 206,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 91% құрады. Ағымдағы жылғы сәуір айында тұтыну 222 мың тоннаны құрады, бұл ағымдағы жылғы ақпан айына қарағанда 30% -ға төмен (319,6 мың тонна), деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Ә. Мағауов отандық мұнай өңдеуді қолдау мақсатында ҚР Үкіметі мынадай теңдессіз шараларды бір мезетте қабылдады, деп атап өтті. Атап айтқанда:

- ҚР-дан тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алып тастау;

- Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін (дизель және автомобиль отынын қоса отырып) әкетуге салынған тыйымды алып тастау;

- экспортқа шығарылатын бензин және дизель отыны бойынша акцизделетін тауарлар өндірушілерін акциздерді төлеуден босату;

- РФ-дан ҚР-ға бензин мен дизель отынын теміржол арқылы жеткізілуіне тыйым салуды енгізу;

- мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин, дизель отыны және мазутқа әкету кедендік баждарын нөлге айналдыру.

Осылайша қабылданған шаралар жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны