11.01.2021, 19:09 15915

ҚР Ұлттық Банкі: "базалық мөлшерлеме" ұғымы заңнамада бекітілді

Сонынмен бірге, ҚР заңнамасынан "базалық мөлшерлеме" ұғымына ауыстырылған "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" ұғымы алып тасталды. Нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Нұр-Сұлтан. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "базалық мөлшерлеме" ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Базалық мөлшерлеме ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге арналған бағдар болып табылады", - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінде. 

 
Сонынмен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасынан "базалық мөлшерлеме" ұғымына ауыстырылған "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" ұғымы алып тасталды. Жоғарыда аталған нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
 
Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді, бөтен ақшаны заңсыз пайдалану және мерзімі өткен сома үшін тұрақсыздық айыбын, берілген ақша сомасын индекстеуді, кеден бажын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды индекстеуді кешіктіру кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда базалық мөлшерлеме қолданылатын болады.
 
2017 жылғы 1 сәуірден бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің мәні тиісті күнге белгіленген базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілгенін атап өтеміз. Осыған байланысты қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін базалық мөлшерлемемен ауыстыру бұрын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген төленетін ақша сомасы мөлшерінің өзгеруіне әкелмейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны