26.07.2021, 21:07 10699

ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейінде +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізбен белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,25% болады", - деп нақтылады ҚР ҰБ баспасөз қызметінде.

 
Ақша-кредит саясатын ойластырылған түрде күшейту инфляциялық спиральді босату қаупін алдын ала білу және 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтару қажеттігінен туындады.
 

Бұл ретте іскерлік белсенділіктің қалпына келуіне әлемдегі, атап айтқанда, Қазақстандағы тұрақсыз эпидемиологиялық ахуалдың әсері ескерілді. Мөлшерлеменің артуы теңгелік активтердің тартымдылығын қолдайды, бұл жағымсыз тепе-теңдікті болдырмайтын күтулерді қалыптастыру мақсатында валюта мен ақша нарықтарында баға белгілеудің тиімділігін арттырады", - дейді мамандар.

 
Шешім сұраныс тарапынан экономикадағы ұсыныс пен тұрақты проинфляциялық қысым арқылы туындаған инфляциялық тәуекелдерге негізделген. Инфляция болжамдардан жоғары қалыптасады, ал бағаның одан әрі өсуіне қатысты күтулер жоғары және бекітілмеген болып қалуда. Экономикалық өсім мен тұтынушылық белсенділік қарқынының тез қалпына келуі айтарлықтай фискалды импульспен проинфляциялық үрдісті қалыптастырады.
 

Сонымен бірге жалпы әлемдік деңгейде азық-түлік бағасы көтеріліп жатқан шақта азық-түлік тауарларының жекелеген топтарына бағаның өсуі секілді елеулі факторлар, жеткізу тізбегіндегі іркілістер, шикізат пен материалдар бағасының ұлғаюы кезінде өндірушілер бағасының өсуі, сондай-ақ реттелетін бағалардың сақталып отырған өсу әлеуеті ұсыныс жағында шоғырланған. Ақша-кредит саясатындағы трансмиссиялық тетіктің ұсыныстың күтілмеген өзгерісіне ықпалы шектеулі болатынын, ал инфляцияның бұл өзгерістерге бейім келетінін халықаралық тәжірибенің өзі көрсетіп отыр. Осы тәжірибені негізге ала отырып, Ұлттық Банк өз шешімімен жоғары инфляциялық күтулерге байланысты сұраныс тарапынан болатын тәуекелдерге барынша ден қояды", - деп жалғастырды банктің баспасөз қызметінде.

 
2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,9% (2021 жылғы мамырда 7,2%) болды. 
 

Тәуекелдерді іске асыру аясында инфляцияның барлық компоненттерінің өсуі байқалды. Бағаның 2021 жылғы маусымда жазғы айларға тән емес 1,1%-ға елеулі өсуі 2009 жылдан бастап осы ай үшін ең жоғары мән болып табылады", - деп нақтылады Ұлттық Банкте.

 
Азық-түлік инфляциясы 2021 жылғы маусымда 10,6%-ға дейін жылдамдап, жалпы инфляцияға негізгі үлес қосуды жалғастырды. Бұл – көкөністердің, атап айтқанда, картоп, сәбіз бен қызылшаның күрт қымбаттауына байланысты.
 

Бұл өсу рекордтық өсу болып, тек Қазақстанда ғана емес, көршілес елдерде де (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан) байқалады. Жалпы алғанда, азық-түлік бағасының көтерілуі бүкіл әлемде байқалып отыр. Мәселен, ФАО азық-түлік бағасының индексі 2021 жылғы маусымда жылдық мәнде 33,9%-ға өскенін көрсетті", - деп түсіндірді ҚР ҰБ-де.

 
Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын компоненті кейінге қалдырылған сұраныс әсерінің тәуекелдерін іске асыру аясында 2021 жылғы маусымда 6,9%-ға дейін үдеді.
 

Өндірушілер бағасының өсуі, сондай-ақ сұраныстың қалпына келуі жағдайында бензин бағасының жылдық өсу қарқыны үдеуін жалғастырды. Қалпына келе бастаған тұтынушылық сұраныс киім-кешектің, аяқ киімнің, автомобильдердің, тұрмыстық техника мен жиһаздың қымбаттауына ықпал етті. Сауда әріптес елдердегі инфляцияның жеделдеуі және шикізат пен аралық материалдарға әлемдік бағаның өсуі жағдайларында импорттық жеткізілімдер бағасының өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарларға қосымша проинфляциялық қысым көрсетуде", - деп бөлісті сарапшылар.

 
Халыққа ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсуі маусымда 5,6% болды, бұл реттелетін, сол сияқты реттелмейтін қызметтердің қымбаттауына байланысты. Әуе көлігі қызметтеріне, туристік қызметтерге (санаторийлер, демалыс үйлері, шетелге сапарлар), жеке күтім қызметтеріне және тұрғын үйді жөндеу қызметтеріне бағалардың жылдық өсуі байқалады.
 
Халықтың инфляциялық күтулері тұрақсыз болып қалып отыр. Маусымда бір жыл бұрынғы сандық бағалау ұлғайып, 7,3% болды. Өткен айда бағаның өте жоғары өсуін атап өткен респонденттердің үлесі 59%-ға дейін артып (мамырда – 49%), ең жоғары көрсеткішке жетті. Сонымен қатар маусымда азық-түлік бағасының өсуін атап өткен респонденттердің үлесі 87%-ға дейін өсті.
 
Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы ахуалдың жақсаруы жалғасқанын атап өтті. 
 

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта нақты ІЖӨ өсуі жылдық мәнде 2,2% болды. Экономика шикізат нарықтарындағы әлемдік бағалардың өсуі және карантиндік шектеулердің жеңілдетілуі аясында қалпына келуде. 2021 жылғы қаңтар-маусымда өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыс, ақпарат пен байланыс және ауыл шаруашылығы салалары тұрақты өсуді көрсетті", - деп қосты Ұлттық Банкте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны